«Знание» шипажайы, Сочи курорты – Қазақстан халқы үшін!

Отдых и развлечения, Опубликована 06.06.2022

«Знание» шипажайы, Сочи курорты – Қазақстан халқы үшін!

Пандемия өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығына баса мән беру керектігінің қаншалықты маңызды екенін көрсетіп берді. Ауруды жеңіл жұқтырып, одан айлап ауырып, зардаптарымен жылдап күрескеннен гөрі ағзаның қорғаныш күшін алдын ала нығайтып алған дұрысырақ емес пе?! Бүгін біз қай жерде, қалай мейлінше тиімді және қолжетімді сомада денсаулығымызды күте алатынымыз туралы айтатын боламыз!

100 жыл бұрын болған тарихи тәжірибеден сабақ алайық: Испанка індеті

Бір ғасыр бұрын 1919-1920 жылдары «Испанка» панденмиясы әлем бойынша ондаған миллион адамға ажал құштырды. Адамзат бұл оқиғадан қажетті сабақ алып, әлем елдерінің үкіметтері шұғыл түрде теңіз курорттарын ашып олардың елдер арасында танымалдылығын арттыру үшін күш салып, шипажайларды көптеп тұрғыза бастады.

Тек Францияның өзінде өткен ғасырдың 20-шы және 30-шы жылдары 1100-ден аса шипажай ашылып, ал, теңіз, мұхиттарға шомылу, жағажай турлары мен күнге қыздырыну Еуропа мен АҚШ азаматтарының арасында сәнге айналды.

Бұл игі істен сол кездегі жас мемлекет – Кеңес Одағы да сырт қалмады. В. И. Лениннің еңбекшілерге арналған советтік курорттарды салу туралы Декреті шығып артынша бүкіл ел аумағында сауықытру орталықтары мен шипажайларды салу қарқын алды. Шипажай, курорттар салудың орталығы – Сочи қаласы болды. Мұнда денсаулығын жақсартуға Иосиф Сталиннің өзі келетін. Мацеста атты таңғажайып күкіртсутекті бұлақ көздері оның денсаулығына оң әсерін тигізетін.

Жүз жыл өтсе де денсаулықты сақтаудың жолы бұрыңғыдай!

Біздің әрқайсысымыз денсаулығымызға дер кезінде көңіл бөліп, ұйқы мен тамақтану режимінің бұзылуы, отырықшылық өмір салты мен күйзелістердің зардаптарын уақытында жойып отыруымыз керек. Бір жылдың ішінде денсаулыққа төнетін қауіп-қатердің көптігі соншалық, тынымсыз еңбек жылынан кейін еңбек демалысына шығып қана қою аздық етеді. Келесі еңбек жылына жаңа күш-қуатпен кірісу үшін жақсы шипажайға барып жоғары деңгейлі ем де алу керек.

Денсаулықтарында төмендегідей қиындықтары бар адамдар үшін біз сенімді түрде «Знание» шипажайына баруға кеңес береміз. (Бизнес-процестердің тиімділігі жағынан 2019-жылы № 1- шипажай!):

  1. Тұрақты күйзеліс, асқынған шаршаңқылық;
  2. Жұмыстан тыс жоғары жүктеме;
  3. Нашар ұйқы, уайымға салыну, түңілу;
  4. Жүрек пен қан тамырлары аурулары;
  5. Диабет, эндокриндік жүйенің бұзылуы;
  6. Жүйке жүйесінің мәселелері;
  7. Тыныс алу органдарының денсаулығы, жиі суық тиюлер;

Сонымен қатар тірек-қимыл аппараты зақымдалған, яғни арқаның, бел мен буындардың, мойынның ауруы бар адамдар үшін де бұл шипажай ең дұрыс шешім болмақ!

Сапалы ем. Қуатты медициналық база!

Тиімді емдеу тәжірибелі дәрігерсіз, заманауи медициналық құрал-жабдықсыз және жоғары деңгейдегі диагностикасыз мүмкін емес. «Знание» шипажайында мұның барлығы бар. Ішінде жоғары санаттағылары бар 30 дәрігер (салыстыру үшін: ең керемет деген Карловы Вар курорттық қонақ үйлерінде екі дәрігерден артық жоқ), өзінің диагностическая зертханасы, өзінің сумен емдейтін орыны, әртүрлі бағыттағы жүздеген медициналық кабинеттер. Штаттағы медицина мамандарының жалпы саны – 110 адам.

Мұның барлығы шипажай қонақтарының денсаулықтарына аяулы көзқарас кепілдігі аясында барынша тиімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл өте маңызды. Өйткені кейбір медициналық орталықтармен клиникалар қарсы көрсетілімдер мен тәуекелдерді ескерусіз қалдырып, тез және көрер көзге бірден байқалатын түбегейлі емдеу тәсілдерін қолдануға бейім келеді.

Мацесталық таңғажайып күкіртсутекті ванналары барын ерекше атап өткім келеді!

Мұндай бұлақ көздері тек Сочиде ғана бар және олар денсаулықтағы ең ауыр жағдайлардың өзінде көмегін тигізе алатыны дәлелденген! Мацестадағы емдеу шаралары 14 және одан көп күнге жолдама алғандарға қолжетімді болмақ.

«Знание» шипажайының қолжетімді жолдамалары мен басқа да қызметтері!

«Знание» шипажайы – бұл 3 жұлдызды орналастыру нысаны болып табылатынын атап өтуіміз керек. Ия, шипажайда еуропалық орналастыру өлшемдеріне сай келетін жайлылығы аса жоғары тамаша номерлермен қатар, қарапайым, бірақ бағасы жағынан қолжетімді «стандарт» санатындағы номерлер де бар.

Үлкен отбасымен келетіндер үшін мұнда екі бөлмелік «отбасылық» санатындағы номерлер мен «люкс» санатындағы номерлер бар.

Маусымауысарда тамақтану, бассейн және емдік шараларды қосқанда жолдама құны бір ересек адам үшін 1900 рубльді құрайды. Номерде екі ересек адам болған жағдайда 8 жасқа дейінгі балалардың орналастырылуы және тамағы тегін болады!

Жазға таман жолдамалардың құны қымбаттайды. Дейтұрғанмен Ресей мен басқа әлемдегі шипажайлардағы орналастыру нұсқаларымен салыстырғанда барынша қолжетімді болып қала береді!

Сіздің және сіздің отбасыңыздың жолдамасының нақты құнын есептету үшін шипажайдың сайтына жүгініңіз немесе броньдау бөліміндегі біздің қызметкерлерге bron@skk-znanie.ru электрондық поштасы арқылы байланысқа шықсаңыз болады.

Еуропалық қызмет көрсету деңгейі!

Біздің шипажай бизнес-процесттердің тиімділігі жағынан Ресейде № 1 сауықтыру орталығы болып табылып қана қоймай, сонымен қатар еліміздің ең қонақжай шипажайы болып та есептеледі. Курорттық қонақжайлылықтың Ұлттық Сыйлығын да біз жеңіп алғанбыз. Краснодар өлкесінің губернаторының бастамасымен жыл сайын өткізіліп тұратын «Курортный Олимп», байқауында біз үнемі жетекші орындарды иеленіп келеміз.

Біздің қызметкерлер Мәскеу мен Санкт-Петербургте, тұрақты түрде оқу-үйрену курстарынан өтіп тұрады. Ал, соңғы бір жарым жылда 17 қызметкеріміз БАӘ, Түркия мен Чехияда бір апталық курстардан өтіп келді.

«Знание» шипажайы –жыл он екі ай денсаулыққа қызмет пен пайда!

Біздің шипажайға тек қана жаз айларында емес, жыл он екі ай келуге болатыны – маңызды фактор. Қыркүйектің аяғы мен маусымның аяғы – сапалы демалу мен шипажайлық ем алуды үшін ең жақсы кезең. Қыстың өзінде Сочиде жылы ауа-райы сізді қарсы алады. Жаздағыдай бәрі жайқалып, айнала көгерішке көмілген.. Жүзу әуіттері жыл бойы тынбай жұмыс істейді. Ал, абаттандырылуына 50 миллиард доллар жұмсалған сұлу курорт туристерді қашанда құшақ жая қарсы алуға және оларға барынша көңілден шығатындай етіп қызмет жасауға дайын!

«Знание» шипажайын айтып «Красная Поляна», курорттық ауылын естен шығармауымыз керек. Ол жаққа жазда да қыста да барып келудің өзі бір ғанибет! Шипажай қонақтары үшін бұл керемет ауылға экскурсиялар ұдайы ұйымдастырылып тұрады!

«Знание» шипажайына жолдамаларды таңдау мен броньдауға қатысты барлық мәселелер бойынша мына электрондық мекен жайға: bron@skk-znanie.ru немесе тел. +7 (862) 291-87-40. тел.нөміріне еркін хабарласа берсеңіздер болады.

Бәрін тәптіштеп айтып түсіндіреміз. Барлық сұрақтарыңызға тұшымды жауап аласыздар. Емдеу бағыты бойынша да жан-жақты кеңес береміз қуана!!!

Бронирование
Получите гарантию заселения прямо сейчас